Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан бастап іске қосылған «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңейтілгені туралы хабарлайды. Аталған жоба микро және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектер алуды ынталандыру мақсатында жүргізілуде, бұл үшін азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді.
2025 жылғы 15 сәуірден бастап жобаға келесі өңірлер қосылады:
- Солтүстік Қазақстан облысы: Шал ақын, Ғ. Мүсірепов атындағы, Айыртау, Тайынша және Жамбыл аудандары;
- Ақмола облысы: Есіл ауданы;
- Батыс Қазақстан облысы: Бөрлі ауданы;
- Қарағанды облысы: Қарағанды қаласы.
Еске саламыз, 2025 жылғы 15 наурыздан бастап жоба келесі аймақтарда жүзеге асырылып жатыр: Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен қаласы), Қостанай облысы (Жітіқара ауданы), Ақмола облысы (Жақсы, Аршалы және Астрахан аудандары).
«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Сол үшін қажет:
Алынған қаражатты банктік картаға аударуға немесе мобильді телефон балансына жіберуге болады.
Сыйақыны «IT Analytics» ЖШС операторы «Amian» мобильді қосымшасы арқылы есептейді. Қосымша App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды өз тұтынушы құқықтарын қорғау үшін бақылау-кассалық аппараттардың чектерін талап етуге шақырады.
Дереккөз: gov.kz
Қосымшаны жүктеу
Қосымшаны жүктеу үшін камераны QR-ға бағыттаңыз