SALYQ КЭШБЭК ЖОБАСЫНЫҢ МАСШТАБТАУЫ
01.06.2025

2025 жылдың 01 маусымынан бастап «Salyq кэшбэк» жобасына жаңа қатысушылар қосылады. Жоба аясында азаматтар Amian қолданбасына қосылған фискалдық чек үшін 2% көлемінде сыйақы ала алады.



Жобаның жаңа қатысушылары

Жобаға Жамбыл облысының аудандары қосылады: Т. Рысқұлов атындағы, Шу, Жуалы, Меркі, Талас, Қордай, Сарысу және Байзақ аудандары, сондай-ақ Қарағанды облысының Теміртау қаласы.

Ерекше маңызды оқиға Ақмола облысының толық қосылуы болды. Енді Ақкөл, Атбасар, Сандықтау, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын, Буланды, Шортанды, Жарқайын, Зеренді, Бурабай аудандарының, сондай-ақ Степногорск, Көкшетау және Қосшы қалаларының тұрғындары «Salyq кэшбэк» жобасына қатыса алады.
 

Жобаның қазіргі географиясы

Жобаға қазірдің өзінде Түркістан қаласы (Түркістан облысы), Біржан сал және Целиноград ауданы (Ақмола облысы), Өскемен қаласы (Шығыс Қазақстан облысы), Қарағанды қаласы (Қарағанды облысы) табысты қатысуда. Сондай-ақ Ғ. Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Айыртау, Тайынша, Жамбыл аудандары (Солтүстік Қазақстан облысы), Жақсы, Аршалы, Астрахан, Есіл аудандары (Ақмола облысы), Бөрлі ауданы (Батыс Қазақстан облысы) және Жетіқара ауданы (Қостанай облысы) белсенді қатысушылар болып табылады.
 

Жобаға қалай қатысуға болады

Қатысу процесі өте оңай. Amian қолданбасын орнатыңыз, тіркелуден өтіңіз, шағын және микробизнес объектілерінде сатып алу жасаңыз, фискалдық чектерді қолданбаға қосыңыз және сатып алу сомасынан 2% кэшбэк алыңыз.
 

Қатысу шарттары

Негізгі шарттарды есте сақтау маңызды:

  • Жобаға берілген сәттен бастап 24 сағаттан аспаған күніне тек алғашқы қосылған 3 чек қатыса алады.
  • Айына максималды кэшбэк 20 000 теңгені құрайды, ал қаражат 14 күннен кейін теңгрімге түседі.

Amian арқылы сатып алуыңыздан табыс табыңыз! Қоданбаны Google Play-ден және App Store-дан жүктеп алуға болады.

amian app qr

Қосымшаны жүктеу

Қосымшаны жүктеу үшін камераны QR-ға бағыттаңыз